Ұлы Жеңіске арнау

Админ
28/04/2025 - 11:53

 

Ер жігітке батырлық рас жол ашса,

Жолдас болмас мақтау менен мадақ та.

Қаймықпастан ел мен жер үшін,

Маңғыстаудан келіп қалдық парадқа.

 

Талай жанды сұм соғыс жалмағасын,

Өткенге көз жіберіп толғанасың.

80 жылдың жүзі болды бұл Жеңіске

Уақыт шіркін, жазғандай тән жарасын.

 

Айырған талай жанды баласынан.

Алғым келеді сұм соғысты жағасынан.

Көрсеткен ерлік пенен батырлықты,

Жеңіс деп салып өтті алаш ұран.

 

Тарихпенен астасқан сырдың көбі,

Ақтарылсын мақтанышпен жырдың кені.

Жаудың бетін қайтарғалы дәуір өтіп,

Егеменді ел болдық бұл күндері.

 

Алдымда тұрсадағы неше міндет,

Ерліктің биігіне жетемін деп.

Әскери теңіз күштерінде қызмет қылып,

Ант беремін елді қорғап өтемін деп.

 

Кіші сержант Берік Ақназарұлы ЖҰМАЛЫ,

25425 әскери бөлімінің камералдық өңдеу учаскесі

камералдық өңдеу постының маманы

 

 

 

 

×

Редакция

$ 512.32  582.92  6.29