Жауынгерлік қасиеттің ұлттық құндылық ретінде рөлі зор. Біріншіден, осы қасиеттің арқасында ата-бабаларымыз елімізді қорғап қалды, екіншіден, ұрпақтарына, яғни, бізге асты мен үсті байлыққа толы кең байтақ жерді қалдырып кетті.
Қазақ халқының жауынгерлік қасиеті өте жоғары болған. Мұны мен былайша дәлелдеп көрейін: көптеген елдерде халқының 40-тан, 50-ден, тіпті кейбірінде 100-ден бірі ғана жауынгер болса, ал біздің елдегі халықтың 4-тен бірі жауынгер болған. Менің ойымша, жауынгерліктің ең үлкен дәйегі де, дәлелі де осы болса керек. Енді деректі кестеге кезек берейін.
Қасым ханның кезі
Мемлекет |
Билеушісі |
Халқының саны |
Әскерінің саны |
Халыққа шаққандағы әскер пайызы |
Қазақ хандығы |
Қасым хан |
1.200 мың |
300 мың |
25 |
Осман империясы |
Сұлтан Явуз |
15 млн |
300 мың |
2 |
Орыс патшалығы |
Василий ІІІ |
5 млн |
100 мың |
2 |
Испания |
Хуана І |
10 млн |
100 мың |
1 |
Франция |
Франциск І |
15 млн |
100 мың |
0.75 |
Венгрия |
Янош |
4 млн |
40 мың |
1 |
Иран |
Исмайл І |
4 млн |
100 мың |
2.5 |
Виджаянагар |
Криш Дева Раий |
25 млн |
500 мың |
2 |
Мин империясы |
Чжу Хоучжао |
125 млн |
1.200 мың |
0.96 |
Сөз соңында айтарым, бізге осыншама байтақ даланы бабаларымыздың жауынгерлік қасиетінің арқасында қалдырған. Соның қадір-қасиетін қашанда білгеніміз абзал.
Серіқұл ШЫМЫРОВ,
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, А.Тұяқбаев атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі