2025 жылдың 10-11 сәуірі күндері Талдықорған қаласында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері арасында «Айбын» облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.
Жиын мақсаты – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, азаматтық сана қалыптастыру, әскери қызметті насихаттау және ҚР Қарулы Күштерінің беделін арттыру.
Жиынға 150 жас сарбаз қатысуда, олар – әр ауданнан 10 ұл мен 5 қыздан құралған үздік командалар.
Командалар өз күшін:
- шығармашылық байқауларда,
- робототехникада,
- әскери-спорттық және қолданбалы спорт түрлерінде сынады.
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының 150 тәрбиеленушісі қатысқан байқауда «үздік» деп танылған команда 22-28 маусымда Ақтөбе қаласында өтетін халықаралық «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиынында Жетісу облысының намысын қорғайтын болады.