Ұлық мерекеге арналды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 99280 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен 80 түп тал көшеті отырғызылды.

Админ
Кеше, 15:42

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері әскери қалашықтың аумағын көркейту мен көгалдандырудан бөлек, жалпы тазалық шараларына әрдайым бір кісідей жұмылады. Бұл жолы Семейдегі дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінде игілікті іс жасады. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл сөзді ұран етіп, лицейдің  территориясына 80 көшет отырғызды. Оған лицейдің тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары да белсене қатысты.

   99280 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары – бөлім бастығы майор Талғат Мақсұтовтың айтуынша, бұл акция Жеңісті жақындатуға бар күш-жігерін салған қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналады. Бұл – Отан үшін от кешкен ұл-қыздардың батылдығы мен ержүректілігіне, қаһармандығына деген құрмет.

 

                                                                                             Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор

×

Редакция

$ 515.03  584.82  6.24