Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінің жеке құрамымен «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру аясында алдын алу шарасы өтті. Шараны өткізуге әскери полиция қызметкерлері, Абай облысының дін мәселелерін зерттеу маманы, қоғамдық белсенділер де атсалысқан.

Админ
13/04/2025 - 15:18

Профилактикалық шараны жүргізу барысында әскери полиция органдарының қызметкері подполковник Бибитхан Асылханов Қарулы Күштердің 2025 жылғы талдауын жеткізіп, нормативті-құқықтық актілердегі жаңашылдықтары таныстырды. Сонымен қатар әскер қатарында болған оқиғалар бойынша талдауларын түсіндіріп, заңдылық тәртіптің басымдылығын жеткізді.

         Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Әсел Күсембекова елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан амалдарды жеткізді. Сонымен қатар әскери қызметін өткеру кезінде және де радикалды көзқарастардың әскери бөлім аумағында жол бермеу үшін қолданылатын шаралар мен тойтарыс беру тәсілдері пысықталды, сарбаздарға түсіндірме бейнероликтер көрсетілді.

Шара соңында әскери қызметшілер алдын алу мәселелері бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

 

 

Абай өңірлік гарнизоны баспасөз қызметі  

 

×

Редакция

$ 518.21  590.09  6.3