Өтенай ауылдық мәдениет үйінде Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесі үшін және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті.
Екі кезеңнен тұрған байқауға Талдықорған қаласының әскери бөлімшелері мен колледж студенттерінен 18-29 жас аралығындағы 14 жігіт спорт және өнер кезеңдері бойынша бақ сынасты.
«Жігіт сұлтаны» байқауына 54380 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы қатардағы Ерназар Несіпбек те қатысып, өз бағын сынаған еді. Байқау қорытындысы бойынша ақыл-білімі, тапқырлығы және ер жігітке тән ерекше қасиеттерімен дараланған I дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге сертификатын қала әкімі Ернат Бәзіл қатардағы Ерназар Несіпбекке салтанатты түрде табыс етті.
Қуанышын арнайы үйіне келіп көп балалы анасы Зарина Абаевамен бөлісіп, марапаттарымен бірге гүл шоғын табыс етті.