«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады

Абай облысының Шүлбі кентінде «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық іріктеу финалы өтті. Әскери-спорттық ойынның финалына 70-тен астам мектеп оқушылары жиналып, өз аудандары мектептерінің намысын қорғады. Олар Семей, Аягөз қалалары, Абай, Ақсуат, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Мақаншы аудандарынан келген үздік командалар бақ сынасты.

Админ
10/04/2025 - 16:58

«Алау» ойынының талаптары бойынша оқушылар саптық байқау, белтемірге тартылу – ұлдар үшін,   арқада жатып денені көтеру – қыздар үшін, автоматты толық емес бөлшектеу және жинау, шығармашылық конкурс және өз елдімекенінің тарихи тұлғасы бойынша жобаны қорғау бойынша сынақтар өткізілді.

Екі күнге созылған «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы кезеңінде жекелей және командалық есепте үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мадақтама қағаздары және кубоктармен марапатталды. Үздік үштікте орындар келесідей орналасты: үшінші орын – Аягөз ауданының командасы, екінші орын – Ақсуат ауданының командасы және жүлделі бірінші орынды – Жарма ауданының командасы еншілеп, республикалық ойынға жолдаманы жеңіп алды.

Еске салайық, «Алау» әскери-спорттық ойынының республикалық кезеңі 2025 жылдың маусым айында Қарағанды облысында өтетін болады.   

 

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

×

Редакция

$ 514.94  583.74  6.13