Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз. Сондықтан балаларға ерекше назар аудару керек. Жастардың тәрбиесі – өте маңызды мәселе.

Админ
Кеше, 10:56

Талдықорған қаласындағы 125 Халықаралық жоғары мектебінің 5 сынып оқушысы Аян Арманов өскенде нағашы ағасы секілді Қазақстан Әскери-теңіз күштерінде Отан алдындағы борышын атқарғысы келеді.

Оған дәлел, әркез нағашы ағасының әскерде киген әскери киімін киіп алып, соған қызығушылығын танытуда. Наурыз мейрамы қарсаңында ағасының үйіне қонаққа келген Аян ағасымен әңгіме-дүкен құрып, оның әскерде басынан өткергендерін сұрап, әскерден алып келген естелік альбомын бірге тамашалап шықты.  

– Жиенім Аян кішкентайынан спортты жақсы көреді. Ол – шахматтан қалалық турнирлардың жеңімпазы. Аян өскенде менің жолымды қуып, әскери қызметін Қазақстан Әскери-теңіз күштерінде өткергісі келеді. Мен 1990-1992 жылдары Союз кезінде Солтүстік флотта әскери қызметімді абыроймен өткердім. Қазіргі жастарға өмірден көрген-білгендерімізді айтып үйретіп келеміз. Жастар – біздің болашағымыз, сондықтан оларға дұрыс тәрбие беруіміз керек. Аянның болашағынан үлкен үміт күтеміз, - дейді Асхат Дүйсенбеков.

Осы көктемнің шуақты күні Аян мен ағасы үйдің ауласына тал шыбықтарын отырғызды. Айта кетсек, Аянның әкесі запастағы подполковник Арман Советханұлы  Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінде әскери қызмет атқарған, қазіргі таңда ол – әскери зейнеткер.

 

 

 

  

 

 

 

 

×

Редакция

$ 516.91  586.33  6.3