Сүйіспеншілікке шақырған шара

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз қамқорлығындағы мектеп оқушыларымен Ерлік сабағын өткізді.

Админ
05/04/2025 - 14:54

Бөлім әскерилері жас жеткіншектердің бойында Отанға, туған ел мен жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында қамқорлыққа алынған №22 мектеп-лицей оқушыларымен түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Бұл жолы Ерлік сабағын ұйымдастырды. Сабақта әскери бөлімнің барлау-шабуылдау батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бақытжан Әбдіраманұлы еліміз Қарулы Күштерінің құрылу мен қалыптасу тарихы туралы әңгімеледі. Әскери қызмет – мемлекеттік қызметтің ерекше түрі екенін түсіндірді. Әскери оқу орнына түсудің тәртібі, мерзімді әскери қызмет өткергендерге мемлекет тарапынан берілген жеңілдіктер туралы да мол ақпарат берді. Сондай-ақ, кіші сержант Ж.Айтуған техникалық сипаттамаларын түсіндіре отырып, қару-жарақ түрлерін, әскери киім үлгілерін көрсетті. Оқушылар АК-74 автоматын шашып, қайтадан жинау тәсілдерімен танысты. Қызықтырған сұрақтарын да  қойып жатты. Сабақтың соңында әскери бөлім қолбасшылығына ризашылықтарын білдірді.

 

 

Алуа Искакова

 

×

Редакция

$ 518.21  590.09  6.3