Тарихи танымын кеңейтті

Әскери өмірдің қызықты әрі мәнді өтуі үшін 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионының сарбаздары командирдің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары майор Рамазан Бахтияровтың бастамасымен әртүрлі мәдени шараларға, экскурсияларға, қалалық іс-шараларға қатысып тұрады. Бұл жолы олар Қарағандының тарихи әрі мәдени мұрасымен танысу мақсатында КарЛаг мұражайына барды. Мерзімді әскери қызметшілер өз елінің тарихын терең түсініп, өткеннің ауыр сабақтарын алуға ерекше мән берді. Әсіресе, саяси қуғын-сүргін кезеңін бейнелейтін мұражайдың әр бөлмесінде сол кездің ауыртпалығын сезініп, ой түйді.

Админ
Кеше, 11:52

  Мұндағы ерекше экспонаттар, сақталған артефактар, бұрынғы еңбекпен түзеу лагерінің құжаттары мен құралдары сарбаздардың санасында терең із қалдырды. КарЛагтың орнында болған жас сарбаздар өздері үшін осы саяси қуғын-сүргіннің қандай ауыр әрі қаралы тарих екенін сезінді. Мұражайдың басты бөлімдерінің бірі – «Мамочкино моласы». Бұл жерде КарЛагта қырылып, шағын қорымдарға жерленген сәбилердің кереуеттері сақталған. Бұл жайт сарбаздардың жанына ерекше әсер қалдырды. Майор Рамазан Бахтияров мұражайда сақталған көптеген түпнұсқа заттарды көрсетіп, олардың қаншалықты маңызды әрі тарихи мәні бар екенін атап өтті.

   – Бұл мұражайда көптеген заттар түпнұсқа ретінде сақталған, солардың әрқайсысы өткеннің ауыр кезеңін еске түсіреді, қасіретті жылдарда жазықсыз жапа шеккен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың рухына тағзым еттік. Біз тарихтан тағылым алып, өткенімізге салауат айтуды, бұрынғылар алдындағы осынау қасиетті борышымызды келешек ұрпаққа аманат етуді ниет етіп, дәстүрге айналдырдық, - деді шараны ұйымдастырушы Рамазан Бахтияров.

  КарЛаг – бұл тек қана тарихи таңба емес, бүкіл бір халықтың басынан өткен қасірет. Қазақстанның ең ауыр тарихы болып табылатын бұл кезең туралы жастарға терең білім беру өте маңызды. Мұражайдың ашылуы 2001 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен іске асты, оның мақсаты еліміздің өткендегі ауыр кезеңдеріне қатысты ұмытылмас естеліктерді сақтау және жаңа ұрпаққа тарихи білім беру болатын. КарЛаг мұражайында болған 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионының сарбаздары мұражайдың басшылығы Гүлдана Бейсенғалиева бастаған қызметкерлерге өздерінің қонақжайлылығы мен экскурсияның қызықты әрі танымды болғаны үшін алғыстарын білдірді. Бұл экскурсия әрбір сарбаздың санасына терең әсер етіп, олардың өткен тарихқа деген құрметін арттырды.

×

Редакция

$ 514.94  583.74  6.13