Салтанатты күтіп алу рәсімі

Бүгінде көктемгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр. Сонымен бірге өткен жылғы көктемде әскер қатарына шақырылған сарбаздар да қызметтерін аяқтап, үйлеріне оралуда. Жалпы маусым айына дейін әскер қатарынан 20 мыңнан астам мерзімді қызмет сарбазы запасқа босатылады.

Админ
09/04/2025 - 14:47

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің оң беделін одан әрі көтеру мақсатында «Астана-1» теміржол вокзалында 2025  жылғы 28 наурызда 2025 жылғы көктемде Қонаев қаласындағы Десанттық шабуылдаушы әскерлердің 32363 әскери бөлімінен  мерзімді әскери қызметтен запасқа босатылған 27 сарбазды «Салтанатты күтіп алу рәсімі» өткізілді.

Бұл шараға Астана қаласы қорғаныс істері департаменті, қала әкімдігінің Ішкі саясат, Жастар саясаты және Жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының өкілдері, қала мектептерінің оқушылары және «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық клубтары тәрбиеленушілері, Қарулы Күштердің, Ауған соғысы мен жергілікті қақтығыстар ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары, бұқаралық-ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Іс-шара Астана қаласы әкімінің «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындалу және оны мерекелеу жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шаралар жоспарының аясында өткізілді.

Астана қаласы Әскерге шақыру комиссиясының мүшесі отставкадағы полковник Ғани Артықов былай деп түйіндеді:

«Маусым айының аяғына дейін Астанаға өткен жылғы көктемде әскерге шақырылған 1 000-нан астам астаналық жігіттер оралады.

Олардың орнына наурыз бен маусым айларында 1 200-ге жуық жігіт әскер сапын толықтыратын болады.

Сонымен бірге ескере кететін мәселе: Қорғаныс министрлігі еліміздің 80-ге жуық жоғары оқу орындарымен бірлесіп, мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтар үшін жоғары оқу орындарында тегін оқуға 3000 орын қарастырып отыр. Бұл жеңілдік мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтарға Ұлттық бірыңғай тесттің нәтижесінсіз, әңгімелесу нәтижелері бойынша әскери борышын өткергеннен кейін екі жыл ішінде ақылы түрде ЖОО-ға оқуға түсу мүмкіндігін беруді көздейді. Мерзімді қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта тәртіпті және жоғары нәтижелерге қол жеткізген жекелеген, неғұрлым лайықты әскери қызметшілерге ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі берілетін болады».

 

 

×

Редакция

$ 521.9  593.5  6.39