Әскери госпиталь қызметкерлері марапатталды

Көктемгі мерекеге орай Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне барды. 

Админ
29/03/2025 - 15:33

Қорғаныс ведомствосы басшылығының өкілі госпитальдың жеке құрамын құттықтап, қажырлы еңбегі мен қызметке адалдығы үшін ризашылығын білдірді. Ол сапалы медициналық көмек Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

– Сіздердің еңбектеріңіз жай қызмет емес, бұл елге және оның қорғаушыларына деген қызмет. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында мыңдаған әскери қызметшілер мен олардың отбасылары сапалы медициналық көмек алады. Ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс, – деді генерал-лейтенант Қ.Әбубәкіров.  

Еңбегімен еленген госпитальдің үздік қызметкерлері Қорғаныс министрлігі басшылығының атынан Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Кездесу барысында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жеке құрамды әскери-медициналық инфрақұрылымды дамыту және Қарулы күштерде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарларынан хабардар етті.

×

Редакция

$ 504.44  545.65  5.95