27 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

Админ
27/08/2023 - 15:09

elements.envato.com

elements.envato.com

Синоптиктер 27 тамызға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райына қатысты жалпы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ түседі деп болжанады. Еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түссе, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі, - деді "Қазгидромет" РМК

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Ақтөбе өңірінің орталығында, батысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында өрт қаупі жоғары, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07