Сіздерді бірлік пен жаңарудың, ырыс пен ынтымақтың, достық пен татулықтың бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Мазмұны терең философиялық мағынаға толы бұл мереке адамдарды еңбекқорлыққа, әдеп пен өнегеге, бауырмалдық пен ізгілікке баурайды, болашаққа деген сенімін оятады.
Наурыз адамдарды ұлт пен ұлысқа бөлмей барша қауымды татулыққа тартып, ұлыстарды ұйысуға шақырады. Сол себепті Ұлыстың ұлы күні халықтар бірлігі мен татулығының бастауы болған. Шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамға айналды.
Бүгінде Қазақстан жаңғыру мен өркендеу жолын жалғастыра отырып, сенімді түрде алға жылжуда. Тәуелсіздігіміз нығайып, әрбір азамат береке бастауы – татулық пен тұрақтылықты қастер тұтып, қадірлей біледі.
Бүгінгі таңда қоғамның негізін құрайтын бірлік пен келісім секілді құндылықтарды сақтау мен көбейту бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Еліміздің Қарулы күштері азаматтар үшін сенімді қалқанға айналды. Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын әскеріміз жыл сайын заманауи және жоғары технологиялық сипатқа ие болып келеді.
Бүгінгі мереке күні барша әскери қызметшілер мен әрбір қазақстандыққа мол бақыт, мықты денсаулық, ашық аспан тілеймін! Наурыз әр шаңыраққа қуаныш сыйласын!
Уважаемые солдаты и матросы, сержанты и старшины, офицеры и генералы! Дорогие соотечественники!
Поздравляю вас с праздником Наурыз мейрамы - светлым и радостным символом обновления, единства и взаимного уважения! Этот праздник, наполненный глубоким философским смыслом, олицетворяет начало новой жизни и торжество нашего трудолюбия и веры в будущее.
Наурыз объединяет людей разных этносов, воспевая ценности мира и гармонии. Он учит нас бережно относиться к традициям, уважать друг друга и заботиться о благополучии будущих поколений. В этом празднике заключена сила и мудрость наших предков, которые передавали нам знания о важности единства и любви к родной земле.
Наша страна сегодня уверенно движется вперед, продолжая путь модернизации и процветания. Казахстан укрепляет свою независимость и создает будущее, в котором каждый гражданин ощущает стабильность и уверенность.
Сегодня как никогда важно сохранять и приумножать те ценности, которые составляют основу нашего общества: единство, согласие и уважение. Вооруженные Силы нашей страны, являясь надежным щитом для граждан, с каждым годом становятся все более современными и высокотехнологичными, играя ключевую роль в обеспечении безопасности и стабильности Казахстана.
В этот замечательный день я желаю всем военнослужащим и каждому казахстанцу счастья, здоровья и мирного неба! Пусть Наурыз принесет в ваш дом радость, гармонию и благополучие!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов