Ғасыр куәгері атанған ардагер әжей 101-ге толып отыр

«Несіне қуанасың, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр...»

Иә, не дерің бар, кемеңгер қариялардың қатары сиреп кеткені – өмір шындығы.

Админ
07/03/2025 - 23:38

Тұрғыны көп саналатын қалалардың шұрайлысы атанған Шымкент шаһарында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен екі-ақ адам қалыпты. Солардың бірі – алдағы 9 наурызда 101 жасқа толып жатқан әжеміз, әскери байланысшы Мосунова Нина Егоровна апай. Бұрнағы жылдары тың еді, соңғы кезде жиі-жиі төсек тартып қалып жүр. Бірақ, мұндағы ардагерлер Каолициясының мүшелері әріптес әжелерін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Жаңа жыл қарсаңында, таяуда өткен «Алғыс айту» күнінде «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ Шымкент қалалық филиалы мен «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағалары, ҚР Қорғаныс министрлігінің  Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжінің және қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері жиналып барып, ардагерді айтулы мереке күндерімен құттықтап, сый-сыяпаттарын ұсынып қайтқан болатын.

   Алдағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен байланысшы әжейдің кезекті туған күніне орай отставкадағы полковник Онбаев Серікбай Мейірбайұлы мен ҚР ҚК қызметкері Оспанова Гүлмира Болатқызының ұйымдастыруымен кезекті іс-шаралар жүзеге асырылмақшы. Бұл ретте ардагерге ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ төрағасы Халық қаһарманы, Армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың арнайы сыйлықтары табыс етілетін болады.

Мерекеңіз құтты болсын, ғасыр куәгері атанған ардагер байланысшы!

 

Марат ЖҮНІС-БЕК

 

 

 

×

Редакция

$ 489.15  533.47  5.64