Көпбалалы әскери ана

Темірдей тәртіпке бағынып, өз өмірін әскери қызметке арнаған нәзік жандылар көп, әрі олардың арасында ерлермен иық тіресе еңбек етіп жүргендер де аз емес. Солардың бірі – Мөлдір Еркінқызы Қонысбаева. 1991 жылы оңтүстік өңірдегі Жетісай қаласында дүниеге келген ол 2008 жылы жолдасымен танысып, отбасын құрады. Екеуі де – өз жақтарынан үйдің үлкендері. Жолдасы 2006 жылдан бері әскери қызметте қаржы саласында жүр. Ал, Мөлдір 2015 жылдан бері сапқа қосылып, елдің қорғаныс ісіне үлес қосып келеді.

Админ
10/03/2025 - 15:26

  Мөлдір Еркінқызының әріптестері оның жауапкершілігі, тиянақтылығы мен адалдығын ерекше атап өтеді. Ол – көпбалалы әскери ана. Отбасында үш қыз бен үш ұлды тәрбиелеп отыр. Өткен жылы Күміс алқа иегері атанды. Балаларының барлығы түрлі үйірмелерге қатысып, волейбол, бассейн, дзю-до, би, сурет салу сияқты салаларда жүлделі орындарды иеленуде. Мөлдір өзінің балаларының жетістіктеріне ерекше қуанып, оларды қолдап, бағыт-бағдар беріп келеді. Әрбір жетістік ата-аналарының қолдауы мен батасының арқасы екенін айтқан Мөлдір, жолдасының да отбасы мен қызметтегі жетістіктеріне қосқан үлесін ерекше бағалайды.

Мөлдір Еркінқызының өміріндегі ерекше сәттердің бірі – 9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған әскери парадқа іріктеліп алынуы. Бір қолымен бесікті тербеп, екінші қолымен қару ұстап, елін қорғаған ана ретінде Мөлдір өзін бақытты санайды.

×

Редакция

$ 488.53  531.91  5.68