Батырдың батасын алған Бақыт

Запастағы майор Бақыт Қожахметқызы Сұлтанова – Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінде еңбек етіп келе жатқан білікті маман.

Админ
Кеше, 09:24

Оның әскери қызметке келуі тектен-тек емес. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өзі «Осы қыздан нағыз әскери қызметші шығады» деп оның әкесіне бірінші рет көрген кезде-ақ айтқан екен.

Бақыт Қожахметқызы 1976 жылы 21 сәуірде бұрынғы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Мортық  ауылында дүниеге келген. 1999 жылы ол Ақмола мемлекеттік медициналық университетін бітіріп, облыстық ветеринарлық зертханада жұмыс істеп жүреді. Дәл сол уақытта Мортық ауылына генерал Сағадат Нұрмағамбетов талай жыл көріспеген бөлесін іздеп келген екен. Оның көзі бөлесінің ұлдарына емес, бойы ұзын,  өзін тік ұстаған, көзі көкшіл, үйдің кенжесі болса да, аға-әпкелерін бұйрықпен жұмсап отырған қыз Бақытқа түседі. Көп ұзамай елордада жаңадан ашылып жатқан республикалық «Жас ұлан» мектебіне зертханашы болып орналасады. Арада тағы да біраз қызметтерді атқарған ол 2007 жылы әскери қызметке шақырылған.

Майор Бақыт Қожахметқызы «Жас ұлан» республикалық мектебінде 2007-2015 жылдар аралығында оқу рота командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, оқу ротасы командирінің орынбасары-психологы болып қызмет атқарды. 2015-2023 жылдары қазіргі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштері Бас басқарма штабының Әскери-әуе күштері командалық пунктында тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша офицері (психолог), тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша байланыс торабы бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстары қызметінің  офицері болып қызмет атқарды. 2023 жылы Кеңес Одағы Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжге қайта оралып, бүгінде Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің маманы, 3 оқу ротасының кураторы қызметін атқарып жүр.

 

Альмира Жабаева

 

 

×

Редакция

$ 495.28  538.32  5.77