Сүйіспеншілікке шақырған шара

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз қамқорлығындағы мектеп оқушыларымен ерлік сабағын өткізді.

Админ
Кеше, 09:01

   Бөлім әскерилері жас жеткіншектердің бойында Отанға, туған ел мен жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында қамқорлыққа алынған №22 мектеп-лицей оқушыларымен түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Бұл жолы ерлік сабағын ұйымдастырды. Сабақта әскери бөлімнің барлау-шабуылдау батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бақытжан Әбдіраманұлы еліміз Қарулы Күштерінің құрылу мен қалыптасу тарихы туралы әңгімеледі. Әскери қызмет мемлекеттік қызметтің ерекше түрі екенін түсіндірді. Әскери оқу орнына түсудің тәртібі, мерзімді әскери қызмет өткергендерге мемлекет тарапынан берілген жеңілдіктер туралы да мол ақпарат берді. Сондай-ақ, кіші сержант Ж.Айтуған техникалық сипаттамаларын түсіндіре отырып, қару-жарақ түрлерін, әскери киім үлгілерін көрсетті. Оқушылар АК-74 автоматын шашып, қайтадан жинау тәсілдерімен танысты. Қызықтырған сұрақтарын да  қойып жатты. Сабақтың соңында әскери бөлім қолбасшылығына ризашылықтарын білдірді.

 

 

Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

 

×

Редакция

$ 488.53  531.91  5.68