Жеке құрамға түсіндіру сабағы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде «Құмар ойындарға жол жоқ» акциясы және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» науқаны аясында түсіндіру сабағы болды.

Админ
10/03/2025 - 17:00

   Барлық санаттағы әскери қызметшілердің алдында Семей қаласы қос мұнаралы мешітінің найб имамы Серікбол Арғынов сөйледі. Тұрғын үймен қамтамасыз ету тақырыбына қатысты әскери қызметшілердің сауалдарына аудандық жедел бөлімшесі тұрғын үй бөлімінің бастығы Айгүл Толқынбаева жауап берді. Абай облысы Семей қаласының полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің жергілікті полициясының учаскелік инспекторы полиция капитаны Ержан Қайнбаев пен учаскелік инспектор аға лейтенант Темірлан Рамазан отбасындағы қылмыс пен тұрмыстық жанжалдар үшін құқық бұзушылық жауапкершілігі туралы түсіндірді. Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Бейбітхан Асылханов пен әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы подполковник Асхат Жанатұлы отбасындағы тұрмыстық қарым-қатынаста қол жұмсау арқылы жасалған зәбір көрсетудің қылмыстық жауапкершілігі туралы айтты. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің «Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру» талаптарына тоқталды. Казиноға, ойын залдары мен букмекерлік кеңселерге ақшалай қаражаттарын жұмсаған, несие беру мекемелері мен азаматтық тұлғалардан қарыз алған, соның негізінде өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары мен түрлі құқық бұзушылық оқиғаларынан да мысал келтірді. Сондай-ақ, әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз еркімен тастап кету, әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту, есірткі немесе басқа да психотроптық заттарды пайдаланудың жауапкершілігі, әскери мүлікті жымқыру, сыбайлас жемқорлық, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу тақырыптарын да қозғады. Сабаққа қатысушыларға әңгімелесу парағы да таратылды.

   Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығы подполковник Ернар Қалиев түсіндіру сабағының негізгі мақсаты – әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, құмар ойындардан аулақ болу, әскери тәртіпті бұзудың алдын алу және оны болдырмау тақырыбында жалпы құқықтық негіздерді түсіндіру екенін жеткізді.

 

×

Редакция

$ 488.53  531.91  5.68