Оқушы назарындағы әскери өмір

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тапсырмаларына сәйкес, 06708 әскери бөлімінде сарбаздың жауынгерлік даярлық барысындағы бір күндік іс-қимыл әрекетіне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылып өткізілді.

Админ
07/03/2025 - 16:41

Аталған іс-шараға Қарағанды облысы білім басқармасының  Приозерск қалалық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 «а» сыныбының оқушылары тартылды. Сарбаздар үй-жайының табалдырығын аттаған мектеп оқушыларын 06708 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Қуандық Арыстанов қарсы алды. Ашық есік күнін өткізу 1-ші зеңбіректің артиллериялық дивизионына жүктелгендіктен, мектеп оқушылары осы әскери ортаға жиналды. Мұнда 1-ші зеңбіректің артиллериялық  дивизионы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан Сырымбет Бердалы дивизиондағы Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Дивизион старшинасы аға сержант Ертай Оразыметов сарбаздың таңғы ұйқыдан тұрып, кешкі ұйқыға жатар аралықтағы күн тәртібіндегі  белгіленген жауынгерлік әзірлік дайындықтарын іс жүзінде көрсетіп берді. Сарбаздың күнделікті тыныс-тіршілігін көзбен көрген мектеп оқушылары сарбаздар асханасында түскі астан дәм татты. Ашық есік күні жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті.            

                                           

Думан Жұмашұлы

×

Редакция

$ 489.15  533.47  5.64