Әскери өмірмен танысты

Жақында 53975 әскери бөлімінде Ашық есік күні өткізілді. Осыған орай, Алматы облысы, Алатау қаласы, Жетіген шағын ауданы №3 мектебінің 9-11 сынып оқушылары әскери бөлімге Ашық есік күніне келді.

Админ
07/03/2025 - 12:40

Оқушылар танысуды әскери бөлімде бақылау-өткізу пунктінің аумағында орналасқан Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған «Интернационалист-жауынгер» ескерткішінен бастады. Мәдени бос уақыт орталығының бастығы лейтенант А.Елубай мектеп оқушыларына 83 жылдық тарихы бар жеке «Қызыл Жұлдыз» ордені әскери бөлімнің сонау Ұлы Отан соғысы 1942 жылдан бастау алғанын айтты. Әр жылдары түрлі шараларға қатысқаны тілге тиек етілді. Оқушыларға еліміздің әрбір азаматының Отан алдынадағы борышы, міндеттері туралы жеткізіліп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында игеруге болатын әскери мамандықтар туралы ой бөлісті.

Оқушылар авиациялық базаның тікұшақтары мен ұшақтары және әскери техникалары орналасқан музейде тамашалады. Оқушылар тікұшақтардың, ұшақтардың техникалық сипаттамасымен жақынырақ танысып, қызығушылық танытты.

Түстен кейін мектеп оқушылары казарма үй-жайларын аралады. Казарма үй-жайларында сарбаздардың тұратын жерлері, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, сондай-ақ дайындық сабақтарымен танысты. Радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс торабының рота сержанты аға сержант А.Ешмұратов оқушыларға АК-74 автоматының және ПМ-9мм пистолетінің құрылсын, оны қандай уақытта, не үшін, қалай қолданатыны жайлы қысқаша түсіндіріп берді. Әскери қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұға алмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің еркеше түрі болып саналатынын жастарға айтып берді.

Кездесуден кейін оқушылар болашақта тағдырын әскермен байланыстырғысы келетінін атап өтті.

Соңында авиациялық база командирі полковник Н.Байдуллаев оқушыларға: «Сіздерге ең қасиетті борыш жүктелген. Отан қорғаудан артық міндет жоқ. Армия – мемлекеттің берік қорғаны. Ұлан-байтақ жерімізді қорғау үшін дайындығымыз жоғары болуы керек», - деп ағынан жарылып, «Отанымыздың нағыз патриоты болыңдар» деген жылы лебізін білдірді.

 

 

Подполковник  А.ҚАЛИЕВ

 

×

Редакция

$ 489.15  533.47  5.64