КЕЛЕСІ ҚАДАМЫ – КЕЛІСІМШАРТ ҚЫЗМЕТІ

Кахан Анотолий Иванович. Бұл – Астанадан барған бесінші ата-ана Тихомирова Вероника Александровнаның ұлы.

Админ
19/02/2025 - 11:41

2005 жылы туған. 19 жасында Отардағы Гвардейск гарнизонына Отан алдындағы борышын өтеуге келген. Спорттың футбол түріне қатты қызығады екен. Сондықтан болса керек, әскерге дейін елордадағы «Астана-Аренада» жұмыс істеген.

Бұл сарбаздың да қимылы ширақ екен. Мерзімді әскери қызметтен кейін осында қалып, қызметімді келісімшарт бойынша жалғастырамын деп құлшынып тұр. Қазірдің өзінде жарылғыш заттардың қыр-сырын әжептәуір меңгеріп алыпты. Бастысы, ел әскеріне деген ерекше құрметі бар. Ендеше, бұл сарбаздың да қызметіне сәттілік тілейміз.

 

×

Редакция

$ 502.47  525.83  5.68