11 армия спортшысы IX Қысқы Азия ойындарына лицензия ұтып алды

Спорттық жарыстар биылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбинінде өтеді. Оған Азия құрлығындағы 34 елден 1200-ден астам спортшы қатысады. 

Админ
07/02/2025 - 20:23

Армия орталық спорт клубының өкілдері шаңғы жарысы мен биатлонда өнер көрсетеді. Шаңғы жарысы 8 ақпанда, ал биатлон 11 ақпанда басталады.

Спортшыларды шығарып салған Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов оларға жеңіс тіледі.

Биатлоннан өтетін жарыстарда ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес, Александр Мухин, Дарья Климина, Арина Крюкова, Полина Егорова және спорт ротасының сарбазы Владислав Киреев ел намысын қорғайды. Бұл пәнде төрт медаль жиынтығы ойналады.

6 медаль жиынтығымен шаңғы жарысына ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ернар Нұрсебеков, Олжас Климин қатысады.

2017 жылы Жапонияның Саппоросында өткен сайысқа жеті армия спортшысы қатысып, бір алтын, жеті күміс және екі қола медаль жеңіп алғанын естеріңізге саламыз.

×

Редакция

$ 488.53  531.91  5.68