Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде ҚР Қарулы Күштерінің Инженерлік әскерлер күніне орай 3 оқу ротасының ұландарымен іс-шара өткізілді. Биыл – Инженерлік әскерлердің еліміздің аумағында орналасқан құрамалар мен бөлімдер негізінде құрылғанына 32 жыл толып отыр.
Біздің әскери колледжде «Инженерлік-саперлік бөлімшелерді басқару және Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бөлімшелерін басқару» екі біліктілігімен қоса берілген «Кіші буын менеджменті» мамандығы бойынша орта буын мамандарын даярлайды. 3 оқу ротасы 4 взвод ұландары осы мамандық бойынша білім алуда.
Айтулы күнге арналған іс-шараны оны ұйымдастырушы 3 оқу ротасының командирі капитан Дандыбаев Руслан Тимурұлы мен куратор запастағы майор Сұлтанова Бахыт Қожахметқызы ашты. Капитан Р.Дандыбаев «Инженерлік әскерлердің құрылымы» атты тақырыпта ұландарға қызықты баяндама жасады.
Іс-шараға инжерлік әскерлер құрамында ұзақ жылдар қызмет еткен подполковник Ахметқалиев Аманжол Маутқанұлы қонақ болып шақырылды. Кәсіби маман өзінің тәжірибесімен, білімі мен біліктігімен, инженерлік әскерлердің жұмысының ауқымдылығы мен бүгінде инженерлік әскерлердің Қарулы Күштердің мызғымас бөлігі болғаны жөнінде ұландармен әңгімелесті. Іс-шара соңында ұландар да, ұйымдастырушылар да өз кәсібінің майталманы, шәкірттерге тәлім-тәрбие мен озық әскери білімін беріп жүрген тәжірибелі шебер маман, аға оқытушы подполковник А.Ахметқалиевке ризалығын білдірді. Ал, 3 оқу ротасы 4 взвод ұланы Әбу Баймахан домбырамен өз шашуын шашты.
Альмира Жабаева,
Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бас маманы