Жуырда Астана қаласы қорғаныс істері басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы подполковник Қ.Ақбаров жеке құраммен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты аясында дәріс өткізді.
Мемлекет басшысының «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында өткен жылғы әр сала бойынша атқарылған жұмыстарды қорытып, еліміз үшін айрықша маңызды жыл болғанын атап өткендігі айтылды.
Экономикасы мен егемендікті нығайту және елдің дамуындағы маңызды жетістіктерді жеткізіп, болашақтағы атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын белгілегені туралы да жіті жеткізілді.
2025-2027 жылдарға республикалық бюджет қабылданып, құжатта әлеуметтік бағыт басты басымдық ретінде сақталғандығы және әлеуметтік қажеттіліктерге өте қомақты қаржы қарастырылғандығы туралы қуантарлық жағдай туралы құлағдар болдық.
Бұл елдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, халықтың өмір сапасын жақсартатындығына кепіл. Мақалада әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне де баса назар аударылған.
Мақаланы тыңдай отыра, еліміздің стратегиялық ресурсы жастар екендігі, сондықтан Қазақстанның болашағы жастардың білім деңгейі, дағдылары мен құндылықтарына байланысты екені тайға таңба басқандай айқын еді.
Мемлекет басшысының жастарды жан-жақты дамытуға басымдық беруі, жастарға жағдай жасауы елдің тұрақты дамуының кепілі екеніне айқын көрініс табатындығы жұмыс бабында әскерге шақырылушы жастармен етене жақын қызметтегі біздер үшін жадымызға жатталатын жағдай екендігі айтпаса да түсінікті.
2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы, еңбек адамының, жұмысшы мамандығының абырой-беделін көтеруі, бұл мамандықтардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатындығы, қоғамдағы мәртебесі жоғары болатынына да кепілдік бар екендігінен хабардар етті.
Президент Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерін нығайту қажеттігіне айрықша тоқталды. Президенттің пікірінше, жасанды интеллектіні дамыту және оны экономиканың түрлі салаларына енгізу Қазақстанның цифрлық трансформациясы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқаратындығын айқындары сөзсіз.
Дәріс жетекшісі жеке құрамды Мемлекет басшысының халқымыздың тұрмыстық сапасын жақсартуға бағытталған шынайы сұхбатының маңызды мазмұнымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің әскери және еңбек тәртіптерімен, ұдайы жоғары жауынгерлік әзірліктерімен егеменді еліміз – тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс саласын нығайтуға талмай үлес қосуға үндей отырып, солай болатынына сенім білдіретіндігін жеткізді.
Марат Турабаев
Астана қаласы Байқоңыр ауданы қорғаныс істері басқармасы