Абай облысында әскери бөлім Жауынгерлік Тумен қоштасты

Салтанатты іс-шара өтті

Sarbaz.kz редакторы
25/08/2023 - 22:31

Әр әскери қызметшінің өміріндегі ең жауапты рәсім – әскери бөлімнің жауынгерлік дәстүрлері мен абыройын сипаттайтын қастерлі Жауынгерлік Тумен қоштасуы қашанда жанды тебірентері анық. Осындай маңызды сәттің бірі Абай гарнизонында орналасқан ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚК 31767 әскери бөлімінде өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бригада командирі полковник Айбол Жүсіпов Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға қабылдануына байланысты саптық алаңға жиналған жеке құрам мен қонақтар алдында Жауынгерлік Ту алдында тізе бүгіп, құрмет көрсетті.

Салтанатты қоштасу рәсіміне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары – басқарма бастығы полковник Д.Әжібаев, 30131 әскери бөлімінің командирі авиация полковнигі А.Базылов, бөлім ардагерлері С.Сарсеков, А.Рахымжанов, Семей қаласының «Сарбаздар аналары» қоғамдық ұйымының төрайымы А.Татерова, №19 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Д.Омарханова қатысты.

Полковник Айбол Жүсіпов офицерлік жолын Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдерінде радилокациялық бөлімше бастығы, байланыс торабының радиорталық бастығы қызметтерінен бастаған. 2013 жылы 31767 әскери бөліміне штаб бастығы лауазымына «майор» шенінде келіп, арада он жыл өткенде «полковник» әскери атағымен бригада командирі ретінде бөлімнен аттанып барады. Ол осы он жыл уақыт аралығында өзін білікті маман, іскерлігі жоғары басшы ретінде көрсетті. Айбол Жүсіпов басшылық еткен жылдары бригада басқармасы мен бағынысты бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік даярлықта, спорттық сайыстарда, гарнизонда өткен түрлі іс-шараларда жоғары деңгейден көрініп, үздік нәтижелер көрсете білді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91