Біріккен штабтық жаттығу тексерілді

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында болды.

Админ
17/01/2025 - 16:17

Ол 2025 оқу жылындағы жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының жоспарына сай «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының басқармасында жүріп жатқан біріккен штабтық жаттығуды тексерді. Қолбасшы басқармасы штабының ұйымдастыру жұмыстарын, қойылған міндеттерді картада орындаудағы даярлығын көрді. Жаттығудың барысы жайында «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының жауынгерлік әзірлік жөніндегі  орынбасары полковник Бекболат Габдуллин, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы барлау басқармасының бастығы полковник Ербұлан Оспанов баян етті. Картада әскери құрылымдардың жауынгерлік арнайы әскери қимылдарының жүргізілуі туралы мұқият тыңдаған Бас штаб бастығы өз бағасын берді.

   ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Семей қаласы әскери госпиталінде де болды. Сонымен қатар 28738 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерінің әскери шеруге дайындығы мен әскери техникасын көрді.  

 

 

     Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

 

×

Редакция

$ 527.58  546.15  5.29