Отан отбасынан басталады

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде әскери білім ордасында қызмет атқаратын әскери қызметшілердің отбасылары арасында «Бақытты отбасын құрайық!» атты іс-шара өткізілді.

Админ
Кеше, 11:01

gov.kz

gov.kz

Іс-шара колледждің психологиялық жұмыстар қызметі мен әскери қызметшілердің отбасылары мүшелерімен жұмыстар жүргізу бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – колледжде қызмет атқаратын әскери қызметшілердің ішінде жас отбасылардың дағдарыстық жағдайлардан шығуға дағдыландыру, отбасыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс-шара барысында колледждің  психология қызметінің бастығы аға лейтенант Молдаш Венера Аманқосқызы отбасы мүшелерімен «Кім? Қашан? Қайда?», «Түстерді ажыратамыз», «Отбасы мүшелерінің міндеті», «Отбасында конфликттік жағдайларды шешу жолдары» атты психологиялық тренингтер өткізді, оларға әртүрлі ситуациялық, дағдарыстық сұрақтар  берілді.Отбасы мүшелері «Бақытты отбасының кілті» атты ойынға қатысып,  деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы салихалы отбасы құру қағидаларын атап өтті. Әскери колледждің ТжИЖ бөлімі бастығының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі Абыханова Камшат Бауыржанқызы «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты пайымды баяндама оқып, онда отбасыда отағасы мен отанасының міндеттері, отбасыда пайда болған дағдарыстың әкелетін салдары жайлы ауқымды баяндама жасады. Әскери колледждің заңгері әділет майоры Н.Ильясов «Зорлық-зомбылық жасалған жағдайда заң алдындағы жауапкершіліктің түрлері» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жасады.Жеке құрам мен отбасы мүшелеріне «Зорлық-зомбылықты, буллингті, кибер буллингті  алдын алу» тақырыбында  бейнероликтер көрсетілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – біздің қоғамымызда ең бір өршіп тұрған жағымсыз жағдайлардың бірі. Әсіресе, оның балаларға әкелетін психологиялық жағымсыз әсері, салдары өте қорқынышты. Дей тұрғанымен, осындай іс-шараларды өткізу арқылы ой түйгізіп, қорытындылар жасалынып, отбасыларда тұрмыстық жанжалдарды алдын алуға септігі зор!

Сонымен қатар жүргізілген іс-шара аясында колледжде қызмет ететін әскери қызметшілердің балалары арасында осы тақырыпта эссе жазу тапсырмасы берілді. 2-сыныпты сержант Садибайұлы Рүстембектің ұлы Сәдибай Берекет өз ойын эсседе былай жеткізген екен: «Отбасы – кішігірім мемлекет! Әр отбасының өзіндік құндылықтары мен ережелері бар. Менің жанұямда әйел затын құрметтеуге үлкен мән беріледі. Әкем: «Алып та Анадан туады, әрқашан әжеңді, анаңды, әпке-қарындастарыңды құрметте!» деп өз ақылын айтып отырады. Ал, анам қай жерде жүрсең де кішілік жасап, өз ұлықтығыңды көрсете біл деп айтады! Тұрмыстық зорлық-зомбылық неден туады? Ең алдымен, отбасы құрған ерлі-зайыптылардың арасында түсініспеушіліктен туады, олар бір-бірімен сөйлесе білу керек деп ойлаймын, сонда отбасыда ұрыс-айқайға нүкте қойылады. Ал, ұрыс неден туады? Меніңше ұрыс ата-анамыз жұмыстан, күнделікті тұрмыстан шаршап, ашуға бой алдыруы мүмкін. Содан кикілжің пайда болады. Ал, оның зардаптарын балалары шегеді. Өз басым, ата-анамның ұрысқанын, ажырасқанын ешқашан қаламас едім. Менің ата-анам – мен үшін үлгі! «Жақсы сөз –жарым ырыс» демекші, олар жақсы сөйлесіп, бір-бірімен сыйласып, түсіністік танытып,  ұйып отырған ырысты отбасы құрып отыр. Мен отбасыммен мақтанамын!».

        Асылы, жақсылықты, игі істі ең алдымын отбасымызға, өмір сүріп жатқан ортамызда сыйласып жүрген жандарға жасайық! «Біртұтас ел, біртұтас жер» құрам десек, ел болып, бесігімізді түзеп, салихалы отбасыда саналы ұрпақ тәрбиелеуге жан-жақты атсалысуымыз қажет! Өйткені, Отан – әрқашан отбасыдан басталады, ол оның негізі мен күретамыры болып табылады!

              

 

Альмира Жабаева

                                                                                                        

×

Редакция

$ 530.24  543.97  5.16