«Жаңажылдық ғажайыптар» психологиялық тренингі

Жуырда әскери бөлімдердің бірінде  «Жаңажылдық ғажайыптар» атты тренинг өтті. Бұл шара стресстен арылғысы және позитивті ойлауға бейімделгісі келетін және өз өмірінде ғажайып жасауға үйренуге бейім адамдар үшін ұйымдастырылды. Тренингті 44841 әскери бөлімінің аға офицері ( психологының)  міндетін уақытша атқарушы Т.Анаятова өткізді.

Админ
13/01/2025 - 16:57

Тренинг басталғанда-ақ қатысушыларды ерекше атмосфера күтіп тұрды. Жылы әрі жайлы жағдай, жеңіл музыка мен қарағайдың хош иісі – бәрі де қатысушыларды жаңажылдық ғажайыпқа жетеледі. Оны жүргізуші, тәжірибелі психолог қатысушылардың бәріне көңілді орта қалыптастырды.
Тренингтің мақсаты – жаңажылдық көңіл-күйде қатысушыларға теріс ойлардан арылуға, күнделікті күйбеңнен шығып, өз күшіне сенуге көмектесу болды. Жетекші бірнеше жаттығу ұсынды, олар ішкі шектеулер мен қорқыныштарды анықтауға, сондай-ақ оларды позитивті көзқарас арқылы жеңуге бағытталған еді.

Ең қызықты жаттығулардың бірі – «Ғажайып тілектер сөмкесі» болды. Әр қатысушы өзінің ізгі тілектерін және жаңа жылға арналған армандарын жазып, кішкентай сөмкеге салды. Содан соң сөмкелер жаңажылдық ғажайып ағашына «жөнелтілді», ал тренингтің соңында әр сарбаз өзіне арналған тілегі бар кішкене қағазы бар сыйлығын алып кетті.
«Бұл тренинг мен
ің көңілімнен шықты, - дейді қатысушы жас сарбаз Ауесхан Диас . Мен мұндай ерекше сезімді күтпеген едім. Біз бәріміз балалардай сиқыр әлеміне кіріп кеттік.

 

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы

×

Редакция

$ 530.24  543.97  5.16