Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне шеберлік сабағын өткізді

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының нұсқаушы спортшысы Нариман Құрбанов Әуе қорғанысы күштерінің 78460 және 97617 әскери бөлімдерінде болды.  

Админ
Кеше, 10:48

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Нариман Құрбанов әскери бөлімдердің қызмет ерекшелігімен, сарбаздар үшін жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысты. Сонымен бірге олардың дене шынықтыруын ұйымдастыруға да ерекше қызығушылық танытты. 

Танымал спортшы әскери қызметшілерге гимнастикалық жаттығулардан шеберлік сабағын өткізді. Нариман Құрбанов Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарында табысқа жетуге мүмкіндік берген бірегей әдістерді көрсетті. Сарбаздар көп жылдық жаттығулардың арқасында керемет нәтижеге қол жеткізген гимнастың өнерін үлкен қызығушылықпен тамашалады.

Армия спортшысы әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын қалыптастырудағы әскери тәртіптің маңыздылығына тоқталып, дене шынықтырудың жоғары жауынгерлік дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.

Емен-жарқын жүздесу барысында сарбаздар Нариман Құрбановтың спорттық мансабының қалай қалыптасқаны, төрт жылдық ойындарға дайындық барысы туралы білді.

×

Редакция

$ 524.75  540.6  5.12