ҚАУІПСІЗДІК ҚАПЕРДЕ БОЛУЫ ТИІС

Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының әскери қызметшілерімен «Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» онкүндігі аясында дөңгелек үстел өтті.

Админ
04/01/2025 - 10:33

Айтулы шара – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету бойынша Медиа-жоспарының талаптарын сапалы орындау және қызмет барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында әскери бөлімдер мен мекемелерде күнделікті қызмет барысында, жауынгерлік дайындық сабақтарында жарақаттанудың алдын алу бойынша алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары іс-жүзінде көрсетілді.

Онкүндік аясында Әскери полиция басқармасы әскерлер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімінің бастығы майор Ержан Диханбаев, Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының оқытушысы подполковник Даурен Прсеитов және ҚР ҚМ Әскери медициналық орталығының нұсқаушы-сержанты 2-сыныпты сержант Арман Кульниязов қызмет барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша сабақтар өткізді.

×

Редакция

$ 526.11  542.31  4.76