Сарбаз назарындағы сабақ кестесі

Жаңа 2024-2025 оқу жылына бекітілген жауынгерлік әзірліктің жоспарына сай, "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімінде жеке құрамның қатысумен алға қойған сабақ кестесі пысықталуда. Жаңадан басталған қысқы кезеңде ұйымдастырылып өткізілетін іс-шаралар бөлімнің жеке құрамына жеткізілді.

Админ
Кеше, 13:22

Сарбаздарды жауынгерлік әзірлікке дайындау мақсатында сабақ кестесінде саптық дайындық, қарумен саптық дайындық, қарусыз саптық дайындық, топографиялық дайындық, қоян-қолтық айқастарын үйренуге дайындық, сонымен қатар радиациялық, химиялық, биологиялық қорғанудағы дайындық қамтылған. Сабақтарды өткізетін жетекшілердің басқаруымен сарбаздарды жауынгерлік әзірлікке дайындаудағы өткізілетін іс-шаралар рет-ретімен апта күндеріне сәйкес, сабақтарды алдымен жазба түрінде қолға алынса, келесі кезегінде іс жүзінде үйрету көзделген.                              

Жауынгерлік әзірліктің алға қойған сабақтарына үзбей қатысып,  сабақ кестесіндегі алға қойған іс-шараларды қалт жібермей үйренген сарбаздың уақыт өте келе нағыз Отан қорғаушы болып жетілетіндігі анық!

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы

×

Редакция

$ 523.72  544.09  5.2