ӘУЕ ШЕБІН ҚОРҒАЙТЫН САРБАЗДАР АНТ БЕРДІ

Абай гарнизонына қарасты 31767 әскери бөлімінде Павлодар, Түркістан және Абай облыстарынан келген жүзден астам жас сарбаз салтанатты түрде ант қабылдады.

Админ
Бүгін, 11:09

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері қатарын толықтырған жауынгерлердің  ант қабылдау рәсімінде әскери бөлімінің командирі полковник Орақ Құнабаев, әскери бөлімінің ардагері запастағы подполковник  Станислав Сарсеков құттықтап, ел тыныштығын күзету абыройлы іс екенін Отан қорғаушылардың жадына тағы бір салып өтті.        

         Әскери бөлімнің саптық алаңында сап түзеген сарбаздардың ант қабылдау шарасын жауынгерлердің ата-аналары мен туыстары тамашалап, өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді. Ата-аналар атынан жас сарбаздың атасы Батырбек Қанатбеков пен жас сарбаздың анасы Алина Фурман сөз сөйлеп, осындай ерекше күнде жиналған баршаға бейбіт өмір, татулық пен береке тіледі.  

         Ал сарбаздар атынан қатардағы жауынгер Мағжан Байғазиев сөз алып, қарулас достарына қызметте сәттілік тілесе, «Көктем-2024» шақырылымында келген алдыңғы буын сарбазы қатардағы жауынгер Глеб Микулич Отан алдындағы борышты адал атқаруға, елге абыроймен оралуға тілектестік білдірді.

         Бүгін әрбір сарбаз өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен сезінгені анық. Әскери ант қабылдау рәсімінен соң әскери бөлімнің жас жауынгерлері салтанатты шерумен өтті. Сондай-ақ сарбаздар келген қонақтарға қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті. Ант қабылдап, нағыз сарбаз атанған жас жауынгерлер алдағы уақытта әскери бөлім жеке құрамының сапында Отан алдындағы борыштарын өтейтін болады.

        

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

×

Редакция

$ 515.89  536.32  5.17