Елімізде жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті

Sarbaz.kz редакторы
25/08/2023 - 16:58

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Білім беру ошақтарында 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Оқу жылының 36 аптаға дейін ұзартылуына қатысты қоғамда сын көп болып, педагогтар қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет. Министрліктің шешімі дұрыс болды. Бірақ асығыстық болды. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін», - деді Тамара Дүйсенова білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі алдағы оқу жылы ішінде қажетті дайындық жүргізіп, оқу бағдарламасын бейімдеу керек екенін және 36 апталық оқу ұзақтығына оралу мәселесін 2025 жылдан бастап қайта пысықтаған дұрыс екенін мәлім етті.

Айта кетейік, өткен оқу жылын 31 мамырда аяқтау туралы шешім қабылданған болатын. 2022-2023 оқу жылында алғаш рет оқушылар мамыр айының соңына дейін мектепте білім алды. 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болғандықтан, соңғы қоңырау 1 маусымға шегерілді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91