Бірінші рет атыс қаруынан атты

Аягөз гарнизоны танк құрамасының 200-ден астам сарбазы «Майлин» оқу-жаттығу полигонында бірінші рет атыс қаруынан оқ атты және Т-72 ауыр ұрыс машинасына қарсы сынақтан өтті.

Админ
15/12/2024 - 15:10

   Жас жауынгерлер атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау алдында ұрыс қаруының құрылымын, шынайы жауынгерлік ұрыстағы мүмкіндіктерін, ерекшелігін және қауіпсіздік шараларын теория жүзінде игерген болатын. Оларға оқ ату жаттығулары басталмас бұрын қауіпсіздік ережелері бойынша тағы бір мәрте нұсқаулық жүргізілді.

   «Біз бүгін алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Көрсеткішім жақсы. Бүгінгі жетістігім командирлеріміздің үйреткен әдіс-тәсілдерін қолданудың нәтижесі деп ойлаймын. Сондай-ақ, танкке қарсы сынақтан өттік. Шыны керек, басында қобалжу, қорқыныш болды. Бірақ біз бұның барлығын жеңе алдық», - деді қатардағы жауынгер Әділет Акишбаев.

   Алғашқы ату жаттығуының қорытындысы күтпеген нәтижелермен ерекшеленді. Әскерге енді ғана келген сарбаздардың біраз бөлігі нысаналарға дәл тигізіп, жоғары ұпай жинады. АК-74 қаруын алғаш қолына алған олар  үшін бұл жақсы нәтиже екенін айту керек. Мерзімді қызметтегілерді әскердегі бір жылдың көлемінде осы тектес талай оқу-жаттығулары мен далалық жиындар күтіп тұр. Әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйренген сарбаздар енді санаулы күндерден соң ант қабылдайды.

 


Алуа ИСКАКОВА

 

×

Редакция

$ 524.66  550.21  5.09