Қыстың алғашқы аптасында Қарулы Күштерде жаңа оқу кезеңі басталды. Приозерск гарнизонында орналасқан 06708 әскери бөліміне дабыл беріліп, әскери қызметшілер бөлімнің саптық алаңына жиналды.
Бөлімнің барлық санаттағы әскери қызметшілердің кенеттен берілген дабыл бойынша бөлімге келуін, әрі қарай жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруын 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Дамир Шарипов жіті бақылауында ұстады.
Оқу жылы «Біртұтас ел – біртұтас жер» атты жауынгерлік ұранмен басталды. Бұл ұран барлық санаттағы әскери қызметшілерге тың серпін беретіні анық. Жуырда ғана әскери ант берген жас сарбаздар да жауынгерлік дабыл мен оның барысындағы даярлықтан тыс қалмады.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы