Отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жандандыру шеңберінде "Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС қабырғасында Ұлттық қорғаныс университеті әскери қызметшілерінің қорғаныс кәсіпорны басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовты қабылдаған Президент - ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосы басшысының алдына елдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Қорғаныс министрі бұл жұмыста Ұлттық қорғаныс университетінің бағыттарын, орны мен рөлін егжей-тегжейлі анықтады.
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері "Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС басшылығымен жұмыс кездесуін өткізіп, өндіріс циклімен және кәсіпорынның даму перспективаларымен танысты. Кездесуге университет бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков, институттар мен басқармалардың бастықтары, әскери ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкерлері, Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС бас директоры Ербол Сәлімов, департамент директорлары және жетекші менеджерлер қатысты.
Тараптар ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық зерттеулердің бағыттарын талқылады. Тараптардың келісімін және бірлескен күш-жігердің жол картасын нақтылау туралы шешім қабылданды. Басқа қорғаныс кәсіпорындарымен де осындай жұмыс жоспарлануда.