ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне Корея Республикасының өкілдері келді

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарының Корея Республикасы дипломатиялық ведомствосының өкілдерімен кездесуі өтті.

Админ
28/11/2024 - 12:40

Делегация құрамында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик және әскери атташе өкілдері бар.

Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков шетелдік қонақтарға оқу-материалдық база, ЖОО бағдарламалары және білім беру мекемесінің ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары жайлы айтып берді. 

Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ-ик университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарына Корей түбегі мен Солтүстік-Шығыс Азияның қауіпсіздігі тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06