Әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы подполковник Ернар Қалиев оқу кезеңін түйіндеді. 2024 оқу жылында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерін басқару органдарын дайындау қорытындысы және әскери қызметте жақсы біліктілігімен көзге түсіп, әскердің мәртебесін көтермелеуге еңбек сіңіргені үшін материалды-техникалық қамтамасыз ету әскери бөлімдері арасында бірінші орынды иеленген жеке құрамға алғысын айтты. Оқу жылындағы жауынгерлік әзірлік барысында танытқан белсенділігі және қызметін ұйымдастыруда жеткен жетістіктері үшін бір топ әскери қызметшіге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Мараловтың және әскери бөлім командирі подполковник Талап Бирбалановтың мақтау грамотасы табысталды. Оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік және қамтамасыз ету бөлімшелері арасындағы озат құрылымдар, сондай-ақ, сержанттық құрамның үздіктері де марапатталды.
Қорытынды жиынның соңында жеке құрамға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тапсырмасы жеткізілді. Жаңа оқу жылының міндеттері де пысықталды.
Алуа Искакова
Суретті түсірген автор