Адал болуға ант берді

Әскери теңізшілер үшін салтанатты іс-шара Мәңгілік алау мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Админ
26/11/2024 - 12:24

Әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы Күштердің ардагерлері, әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ақтауда Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола және Маңғыстау облыстарынан шақырылған 217 жас теңізші әскери ант берді.

Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Серік Борамбаев жас теңізшілерді мерекемен құттықтады.

 – Жастарға әскерде қызмет ету қажет, өйткені мұнда ер мінездің негізі қаланады. Отанға, отбасы мен халыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді. Олар өмірлік тәжірибе алаып, жан-жақты жетіліп шығады, - деп атап өтті генерал-майор Серік Борамбаев.

Оралдық Нұрлы Сапарованың осымен бесінші ұлы әскер қатарына шақырылып, сарбаз атанып отыр. Бұған дейін отбасының үш үлкені Отан алдындағы борышын өтеген. Төртінші ұлы қазір Атырауда қызмет өткеруде.

Әскерге шақырылуышылар бір айлық жауынгер курсынан өтті. Онда әскери жарғы талаптарымен танысып, сап дайындығына машықтанды. Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері қонақтарға қару-жарақпен дефиле және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін ұсынды.

Жақындары сарбаз ұлдарының жетістіктерін мақтанышпен бақылап отырды. Көрсетілімдерден соң қонақтарға әскери бөлімдер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің қызмет жағдайлары таныстырылды.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06