Ол БРИКС саммиті аясында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммиті аясында өтіп жатқан мемлекеттер басшыларының «БРИКС Плюс» диалогы отырысында Үндістанды тарихи оқиғамен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Осы мүмкіндікті пайдаланып, Үндістанның Премьер-министрі Модиді Айдың Оңтүстік полюсіне таяу жерге үндістандық ғарыш аппаратының сәтті қонуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – тарихи уақиға», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Үндістанның Chandrayaan-3 («Чандраян-3») автоматты планетааралық станциясының Pragyan Ай ровері бар Vikram қондырғышы Жердің табиғи спутнигінің оңтүстік полюсіне қонатыны хабарланған болатын.