«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

Талдықорған қаласындағы Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп базасында «Жас ұлан» мектепішілік әскери-патриоттық ойыны өтті.
Админ
19/11/2024 - 10:16

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойынына мектептің 10-сынып оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады.

         Ойынға әдістемелік нұсқаулық және төрешілік жасауға білім беру мекемелерінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары бекітілді.

         Ойын келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Автоматты бөлшектеу және жинау», «Мылтық ату», «Кермеге тартылу», «Арқаға жатып денені жерден көтеру», «Жалпы әскери қорғаныш киімін кию» және «Саптық дайындық».

         Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Жетісу облысы «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы отставкадағы І дәрежелі капитан Рахым Қырғабақов, толыстағы полковник Ерлан Жабықбаев келді. Қарулы Күштер ардагерлері әскери-патриоттық ойынына қатысушыларға өз елінің нағыз патриоттары болып өсулеріне қысқаша әңгіме өрбітіп, ойында оларға сәттілік тіледі.

         – Шараның басты мақсаты – жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту бойынша жұмыстардың мазмұнын жетілдіру. Өскелең ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеу, - деді алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Бауыржан Айтбаев.

         Әскери-патриоттық ойында өз мәресіне жетіп, ойынның қорытындысы шығарылды. Онда жүлделі бірінші орынды 10 «Б» сыныбы, екінші орынды 10 «А» сыныбы ал, үшінші орынды 10 «Г» сыныбы қанжығалады. Жеңімпаз командалар мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94