Жас сарбаздардың жағдайын білді

Алыс шалғайдағы Приозерск гарнизонына жұмыс сапарымен сарбаз аналарының «Аналар жүрегі» комитетінің Қарағанды облысы бойынша өкілі Әубәкірова Зағира Құсайынқызы келді.

Админ
21/11/2024 - 12:54

Басты мақсаты – Отан алдындағы борышын өтеп жүрген мерзімдік қызмет әскери қызметшілердің күнделікті әскери қызметтегі тыныс- тіршілігімен көзбен көріп танысу.

Алдымен, жақында ғана күзгі әскерге шақырумен 06708 әскери бөлімдегі Қарағанды облысынан келген жас сарбаздармен кездесті. Олардың орналасқан үй-жайын аралап көріп, тұрмыстық жағдайларымен танысты. Сонымен қатар, 44841 және 18405 әскери бөлімдеріндегі сарбаздармен де жүздесіп, олардың өз отбасыларына аман-есен оралуларын тіледі.

 

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы

 

×

Редакция

$ 504.34  556.34  5.97