Десантшылар ант қабылдады

Талдықорғанда десантшы жас сарбаздар ант қабылдады. Бұл күн –жас сарбаздар мен олардың ата-аналары үшін де үлкен мереке.

Админ
Кеше, 12:52

Ант қабылдау – адам өмірінде бір рет қана келетін сәт.


350-ден астам жаңа шақырылғандар Отан қорғаушылар атанды. Бір айдан аса үйден кеткенмен, жас жауынгерлер әскери саптық жаттығуларын үйреніп үлгерген. Айта кетерлігі, жауынгерлер ант қабылдамастан бұрын бір ай бойы жалпыәскери дайындықтан өтіп, сапта жүруге жаттықты, денелерін шынықтырып, қару-жарақты меңгерді. 

         Отан алдында адал болуға, елді қорғауға ант берген сарбаздарға Десанттық-шабуылдаушы әскерлері қолбасшысының орынбасары – зымыран әскерлері мен артиллерия басқармасының бастығы полковник Ерлан Алихулов ақ жол тілеп, ел үшін қызмет ететіндеріне сенім білдірді.

         – Қазақстан Республикасының жауынгері атануды Отан алдындағы борышым деп есептеймін. Замандастарыма, өскелең буынға осыны үлгі етер едім, - дейді қатардағы жауынгер Алихан Тынымжан.

          Алаңда «Салтанатты түрде ант етемін» деген жас сарбаздардың дауыстары естіліп жатты. Осы сәттен бастап нағыз әскери қызмет басталатынын жас сарбаздар ұғынды.

        

 Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94