Өлең жолдарын арнаймын

Абай гарнизонындағы 30217 әскери бөлімінде бір жыл бойы әскери борышымды абыроймен атқардым. Жауынгерлік дос тауып, темірдей тәртіпке дағдыландым. Түрлі оқу-жаттығуларында әскери техника мен қару-жарақ түрлерін де меңгердім. Еліміз бен жерімізді қорғауға әрқашан дайын, Отанымыздың патриот ұлдарының қатарын толықтырып үйге аттанып барамыз. Мерзімді әскери қызметімді өткізген әскери бөлімімнің қолбасшылығы мен жеке құрамына деген ризашылығымды мына өлең жолдары арқылы білдіремін.  

Админ
19/11/2024 - 12:51

Күндіз-түні елін, жерін қорғауға,

Отанға да, ата-ана алдында.

Ант беріп біз жауапкершілік алғанбыз,

Қазақтың намысты жігітіміз расында.

 

Офицерлер, старшина, сержанттар,

Шексіз алғыс білдіремін сіздерге.

Бізге үйретіп өмірдің түзу жолдарын,

Темірдей тәртіппенен шыңдадың.

 

Тыным таппай ел үшін еңбек қылған,

Ақтық демі таусылғанша тайынбаған.

Іргесі тыныш, қалқаны берік болсын деп,

Егеменді еліме болам қорған.

 

Алғыс айтам әскерилер бәріңе,

Сіңірген қайсарлықты тәніме.

Сарбаздарды үйретуден жалықпай,  

Алға бассын істеріңнің бәрі де.

 

Қатардағы жауынгер Балжан Бекзат Маратұлы
 

 

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94