Қорғаныс министрлігі ведомствоның цифрлық трансформациясы

Іс-шара елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Оған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ және БАҚ өкілдері қатысты.

Админ
Кеше, 10:43

Іс-шара қонақтарына ведомствоның цифрлық трансформациясының жалпы көрінісін Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев таныстырды. Армиядағы цифрлық үдерістерге жауапты адам атап өткендей, жұмыс әскерлерді басқару жүйелерін автоматтандыру, ресурстарды басқару, мемлекеттік қызметтер секілді көптеген бағыттар бойынша жүргізілуде.

Бүгінгі таңда цифрландыру білім беру, денсаулық сақтау, экономика, әлеуметтік коммуникация процестерін қамтиды. Бұдан қорғаныс саласы да қалыс қалмақ емес. Дәл қазір цифрландыру арқылы қарсыластан басым түсерлік артықшылыққа қол жеткізуге болады, – деп түсіндірді ол.

Министрдің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, аралас ведомстволармен ынтымақтастықтың арқасында 16 жасар балаларды әскери есепке алу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілген. Қызметті проактивті режимге ауыстыру жыл сайын миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жағдай бойынша оларды электрондық форматқа көшіру жөніндегі нысаналы индикатор 100 пайызды құрайды.

Әуе қорғанысы күштерінде әуе кеңістігін қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.

Құрлық әскерлерінде «Жауынгерлік дайындық» модулін әзірлеу аяқталуда. Оны енгізу жауынгерлік дайындықты жоспарлауға, сабақ кестесін құруға және басқа мәселелерді жеңілдетуге уақытты қысқартады. Бұдан басқа, жауынгерлік даярлықты есепке алу және қажетті құжаттар тізбесі толық автоматтандырылатын болады.

Сонымен қатар, Қарулы күштерде кадрлық есептен бастап медициналық қамтамасыз етуге дейінгі ресурстарды басқару жүйесі, қару-жарақ пен әскери техниканың мәліметтер базасы, оқ-дәрілерді есепке алу жүйесі және басқалары толығымен автоматтандырылған. Бұл адами, техникалық және материалдық ресурстарды есепке алу және басқару функцияларын автоматтандыру мәселелерін шешетін ақпараттық жүйелердің тұтас кешені.

– Қазақстандық армия цифрлық жаңғыру процестерінен тыс қала алмайды. Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық трансформация бойынша үлкен жұмыс атқарды. Ол өмірдің барлық салаларына біртіндеп еніп келеді және уақыт өте келе ол айқын бола түседі. Қазірдің өзінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді деуге болады. Цифрлық технологияларды енгізу бойынша оң тәжірибе жинақталып, цифрландыру тапсырмаларын шешуге қабілетті күштер мен құралдардың әлеуеті құрылды. Біз өз кезегінде цифрландыру шеңберінде қорғаныс секторын одан әрі дамытуға қолдау көрсетеміз және ықпал етеміз, – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев.

×

Редакция

$ 495.95  524.37  4.98