Ақтөбеде өрт сөндірушілер өрттен 6 адамды құтқарды

40 адам эвуакацияланды

Sarbaz.kz редакторы
24/08/2023 - 21:48

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 6 адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сәйкес, 24 тамыз күні сағат 12:54-те Ақтөбе қаласы, Гришина көшесі мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй пәтерінде өрт шыққаны бойынша хабарлама келіп түсті.

«Құтқарушылар күшімен баспалдақ маршы арқылы  6 адам құтқарылып, 40 адам эвуакацияланды, оның ішінде 10 бала. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 12:11-де сөндірілді. Өрт аумағы 15 шаршы метр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41