Үшжақты меморандумға қол қойылды

Жетісу облысы, Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен үшжақты меморандумға қол қою рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
Админ
12/11/2024 - 11:12

Меморандумға Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Әскери госпиталь және Жоғары медициналық колледжінің лауазымды тұлғалары қол қойды.   

     Талдықорған жоғары медициналық колледжінен жиырма жас сарбаздан тұратын «Жас санитар» әскери-патриоттық клубы ашылды. Ондағы мақсат «Жас санитардың» алғашқы медициналық көмек көрсетуі, жастарға  әскери-патриоттық тәрбие беру болып табылады.

     Осы құжатқа сәйкес үш ұйымның жүйелі қызметі басталды, оның ішінде шефтік көмек, медициналық бейінді ескере отырып, колледж студенттерін болашақта армияда қызмет етуге дайындау, қорғаныс қабілетін нығайтуға, білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.

     Іс-шараға Жетісу облысы Қарулы Күштері ардагерлері, Ауған соғысының және Тәжік-ауған ардагерлері қатысып, Жас сарбаздарға ақ тілек, жылы лебіздерін жеткізді. Шара соңында бірқатар азаматтар алғыс хаттармен марапаттады.

     Сонымен қатар, осы іс-шарада ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің кинологтары және жеке құрамы қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен өз өнерлерін көрсетті.

 

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94