Арменияда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысы өтеді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысу мақсатында Арменияның Цахкадзор қаласына барды. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды, сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарланып отыр.