Болашақ Отан қорғаушылар жарысқа қатысты

Өткен демалыс күндері Түркістанда «Turkistan Marathon – 2024» халықаралық марафоны өтті, оған әлемнің 40-тан астам елінен 3000-нан астам спорт әуесқойлары қатысты. Қатысушылар арасында Сабыр Рахимов атындағы «Жас ұлан» әскери колледжінің тәрбиеленушілері де болды, олар он мың метр қашықтықты көпшілікпен қатар еңсерді.

Админ
06/11/2024 - 11:02

Жарысқа қатысушыларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтап, барлық марафоншыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде бұл оқиғаның қала мен өңір үшін маңыздылығын атап, марафон тек спорттық мереке ғана емес, сонымен қатар рух пен батылдық мерекесі екенін атап өтті. Ертай Кенжебекұлы осындай ауқымды іс-шараның өткізілуіне және оның бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан елеулі үлесіне қуанышын білдірді.

Марафон «Visit Turkistan» аумағынан басталып, Бекзат Саттарханов даңғылымен жалғасты, онда қатысушылар өз командирлерімен бірге Түркістанның көркем көріністерін тамашалады. Қашықтық әуежайға апарып, содан кейін мәреге қайта оралды.

Әскери колледж бастығы полковник Мақсат Ахшаловтың айтуынша, Сабыр Рахимов атындағы «Жас ұлан» әскери колледжінің кадеттері қала мен облыстың барлық спорттық іс-шараларына қатысады. Бұл ретте колледж басшылығын қоса алғанда, олардың командирлері де олармен тең деңгейде қатысуы арқылы үлгі  болуға тырысады. 

– Біздің колледж тәрбиеленушілерінің кәсіби спортшылармен тең дәрежеде жарысып, спорт саласында жақсы нәтижелер көрсетіп жатқанына өте қуаныштымын. Қашықтыққа шыға отырып, біздің ұландар физикалық күш пен төзімділікті ғана емес, сонымен қатар олардың мінезінің беріктігі мен табандылығын көрсетті, - деп атап өтті «Turkistan Marathon–2024» халықаралық марафонының қатысушысы полковник Мақсат Ахшалов.

Бұл жарыстар AIMS халықаралық қауымдастығымен сертификатталған және World Athletics стандарттарына сәйкес келетініне тоқталсақ, бұл барлық қатысушылардың жоғары ұйымдастыру деңгейі мен кәсібилігін көрсетеді.

Іс-шара әртүрлі ұлттар мен мәдениеттердің адамдарын біріктіретін және қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруы мен салауатты өмір салтының маңыздылығын тағы бір рет көрсететін спорттың нағыз мерекесі болды.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85